Болгария халықтық жиыны 2017 жылға арналған мерекелік күндерді бекітті.
Осыдан соң ел үкіметі отырысында діни мерекелер анықталды. Барлық атаулы күндер елдегі діни қауымдастық басшыларымен келісілген.
Болгария мұсылмандары үшін биыл үш ресми мереке бар – Ораза айт 26, 27 маусым, Құрбан айт 1-4 қыркүйек, сондай-ақ 29 қараша Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) мәуліті деп белгіленді.
Дегенмен, аталмыш күндер мереке ретінде белгіленгенімен, демалыс берілмейді. Алайда, Болгарияның Мемлекеттік қызметшілер туралы заңына және Еңбек кодексіне сәйкес, кез келген мұсылман өзінің ақылы немесе ақысыз еңбек демалысы есебінен діни қажеттіліктер немесе рәсімдер үшін демалыс алу құқығы бар.
ummet.kz-ақпарат