26
Сейсенбі,
Қараша

һижри

«Мұсылманмен таныс!»

Жаһан
Жарнама

Бүгінде ислам діні әлем бойынша екінші кең тараған дін (1,6 млрд мұсылман) болғанымен, АҚШ-тағы 3,3 миллион тұрғын осы дін турасында көп жағдайда кері пікірде жүреді. Америкалық тұрғын Мойна Шаик осылай деп есептейді.

 

Дін жайындағы мұндай жаңсақ пікірге тойтарыс беру үшін Мойна ислам діні және мұсылман мәдениеті тақырыбында қоғамдық ағартушылық шараларды жиі өткізеді, деп жазады  Mercury News.

«Мұсылманмен таныс» тақырыбындағы кезекті шарасы 4 қаңтар күні Калифорнияның Милпитас қаласындағы мемлекеттік кітапханада өткізу жоспарланған.

«Мен өзімнің отандастарым, америкалықтар ислам діні мен мұсылмандар жайында жақынырақ білгенін қалаймын. Кейбір адамдармен кездескенде ислам мәдениеті мен мұсылман халқы туралы сұрасаң, жалған мәліметтер алғанын аңғарамыз. Теріс пікірлерді сейілтіп, шынайы дінді танытуымыз керек» дейді ол.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: