Сирияның оңтүстігіндегі босқындар лагерінде мобильді көлік мектебі пайда болды.
Бұл мектептерде ерікті мұғалімдер дәріс береді. Жобаның мақсаты – 2011 жылдан бері толастамаған соғыс салдарынан артта қалған білім саласындағы кемшіліктерді қалпына келтіру.
Мобильді мектептер – бұл арнайы оқу парталары орналастырылған, оқу құралдары мен кітаптары бар автобус көлігі. Көліктер алдын ала белгіленген бағыттар бойынша лагерь аумағында балаларға білім береді. Қазіргі уақытта жобаға төрт автобус қосылған. Әрбірінде екі мұғалімнен қамтылған.
ummet.kz-ақпарат