28
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Шотландияда мұсылман балабақшасы бар

Жаһан
Жарнама

Шотландияның Глазго қаласында мұсылман балаларына мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы тұңғыш Govanhill мұсылман балабақшасы ашылды.

Бұл балабақша тек мұсылман отбасылар ортасында ғана емес, өзге де дін өкілдері үшін де ерекше. Қазір балабақша көптеген діндердің достық шаңырағына айналды.

Мекеменің жемісті жұмысына оң бағасын берген қалалық кеңес балабақшаға қаржылай көмек көрсету және тәрбиеші мамандармен қамтамасыз ету туралы шешім қабылады. 

Қазіргі күні балабақша 30 баланы қабылдауға мүмкіндігі жетеді. Қалалық кеңестің шешімінен кейін оның әлеуеті арта түседі деп жоспарланған. Ал алдағы болашақта Шотландияда тұңғшы ислам мектебін ашу да көзделеді.

Ал балабақша тәрбиешілері адамдарға сый-құрметпен қарауды, мұсылман әдебі мен жалпы адами құндылықтарды үйретеді. Ұйымдастырушылар балабақша тәрбиеленушілерінен болашақата Шотланияның отансүйгіш азаматтары қалыптасып шығатынына сенім артады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: