Мекке мен Мәдина қалаларында жақын болашақта мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше жағдайлар жасалатын болады.
Қажылық істері жөніндегі Жоғары комитет төрағасы Мұхаммед бин Наиф мүгедек жандарға дұрыс көңіл бөлу бойынша Үлкен және кіші қажылық министрлігі ұсынысын зерттеуді тапсырды, деп жазады Al Arabiya.
Ұсыныс құжатында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы пандустар мен ғимараттарда қажетті құрылғылар орнату, сондай-ақ мейманханада, қасиетті орындарда жүріп-тұруға, қажылықты ойдағыдай орындауға қолайлы жағдай тудыратын жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған.
Сонымен қатар, мүгедек жандарға арнайы жетекші қызметкерлері бар автобустар да бөлінеді.
ummet.kz-ақпарат