Әзірбайжан елінде екінші рет қажылық жасаушы азаматтар қосымша салық төлеуге міндеттелді.
Сауд Арабиясы бекіткен ережеге сәйкес, енді аталмыш елден екінші рет қажылық жасайтын адам қосымша салық төлейді, деп хабарлайды APA-News. Биылдан бастап екінші рет қажылыққа шыққан азаматтар 500 доллар, үшінші рет шыққанда 550 доллар салық төлейді.
Кавказ мұсылмандары діни басқармасының қажылықты ұйымдастыру жөніндегі делегациясы осы мәселелерді нақтылап, реттеу үшін Сауд Арабиясына сапарға шықты.
Еске сала кетсек, өткен жылы Сауд Арабиясы Үлкен және кіші қажылыққа бірнеше рет келушілер үшін қосымша 500 доллар салық салынатынын мәлімдеген болатын. Соңынан бұл ереже Ұмра қажылығы үшін алынып тасталды.
ummet.kz-ақпарат