Күз айында Өзбекстаннан Меккеге аттанатын қажыларға берілетін квота көлемі анықталды. Биыл 7200 өзбек азаматы қажылық парызын өтейді.
Жаңа квота көлемін сақтаған жағдайда Меккеге баратын өзбек қажылары саны осылайша 40 пайызға көтерілмек.
Еске сала кетсек, 2017 жылдан бастап Өзбекстан азаматтары өмірлерінде бір рет қана Үлкен және кіші қажылық жасай алады. Екінші қайтара қажылық жасауға республика бойына тыйым салынды. Бұл тыйым Сауд Арабиясы корольдігіне ресми сапармен баратын делегат мүшелеріне, қажылық қызметін атқаратын өкілдерге қатысты емес.
ummet.kz-ақпарат