Дубай зертхана орталығы (DCL) косметикалық және жеке гигиеналық заттардың құрамын тексеретін жаңа жүйені енгізді.
Жаңа жүйе мұсылмандарға косметикалық заттың құрамында доңыз майы мен спирттік өнімнің бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді.
«Көпшілік адамдар халал сөзін тек ішіп-жейтін азық-түлікке қатысты деп ойлайды. Алайда, косметикалық және гигиеналық заттар құрамында тыйым салынған нәрселердің болатынын естен шығарады. Жаңа құрылғы арнайы инфрақызыл электромагниттік сәулелер және газды хроматография арқылы доңыз майын анықтап береді. Осы тексерістен мұсылман елдеріне сатылымға шығатын барлық косметикалық тауарлар мен гигиеналық заттар өтеді» дейді DCL департаменті директоры Амин Ахмед.
ummet.kz-ақпарат