Ол осыдан төрт жыл бұрын әлем бойынша саяхатын бастады.
Сапар барысында Түркия, Индонезия, Албания мен Малайзия елдеріне де аяқ басты. Осы саяхатында «армандарым орындалды» дейді ол.
Шығу тегі голландтық-бельгиялық 29 жастағы Майкл Рупперт төрт жыл ішінде әлемнің 60 елінде болған. Нәтижесінде, ислам дінін қабыл алды.
Нағыз саяхат – ол ең төменгі шекті шығындар, естен кетпес сәттер мен қызықты сапарлар. Осы сапарында Майкл әлеуметтік желілерде басынан кешкен қызықты сәттерді бөлісіп отырған.
Ол саяхатты бастаған кезде мұсылман болмады. Ал мұсылман мәдениетіне деген қызығушылығын Малайзия мен Индонезияға табан тіреген тұста мұсылман отбасымен жасаған тығыз қарым-қатынасы арттырған. Көкейдегі сан сауалдын бар жауабын исламнан алды. Осылайша бір Құдайға деген сенім жүрегіне нық орнайды. Бұл турасында ол өз блогында: «Мен ислам дінінен мүлде хабары жоқ, қарапайым голландтық жігітпін. Индонезия мен Малайзияға келген кезде мұндағы мұсылман халқының өмір сүру заңдылықтарына қатты таңдандым. Мен оларды сұрақтың астына алдым: олар неге Құран оқиды? Мешітте не істейді? Өз мерекелерін қалай өткізеді? Менің осы қызығушылықтарым исламға алып келді» деп ағынан жарылды Майкл.
Майкл жуырда Индонезияда тұратын мұсылман қызына үйленді. Ол жұбайымен бірге әлемдік саяхатын жалғастыруды да жоспарға алған. Ендігі сапарда тек әлемнің ғана емес, исламның әсем табиғаты мен болмысын халықтарға жеткізуді ұлы мұрат санайды.
ummet.kz-ақпарат