23
Сенбі,
Қараша

һижри

Дубай ханзадасы құмға батқан КамАз-ды өз көлігімен сүйреп шықты (ВИДЕО)

Жаһан
Жарнама

Әлеуметтік желілерде Дубай әмірінің ұлы, мұрагер ханзада Хамдан ибн Мохаммед әл-Мақтұмның құмға батқан жүк көлігін өзінің темір тұлпарымен сүйреп шығарған сәті түсірілген бейнежазба кең тарап кетті. Желі қолданушылары ханзаданың қарапайымдылығына тәнті болды.

Бейнежазбада ханзада Хамданның КамАз-ды өзінің Mercedes-Benz Gelandewagen көлігіне арқанмен байлап жатқаны, онан соң өз көлігін трактор мен пикапқа тіркегені көрінеді.

Алғашқы ретте жүк көлігін шығару мүмкін болмады. Сол себепті ондағы тиелген құмды төгіп, көлікті жеңілдетеді. Осыдан соң барып КамАз-ды құмнан сүйреп алып шықты.

34 жастағы ханзада Хамдан поэзияға қызығады, өлең жазады. Әртүрлі спорт түрлерімен айналысады. 2011 жылы Forbes журналы оның дәулетін 18 миллиард долларға бағалаған.

{youtube}Kf0YKzFGewk{/youtube}

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: