23
Сенбі,
Қараша

һижри

Египетте көне пирамида табылды

Жаһан
Жарнама

Мысыр археологтары жаңа ғылыми жаңалыққа кезікті. Египеттің ежелгі жәдігерлер ісі бойынша министрлігі Каир қаласынан 25 шақырым қашықтықтағы Дахшур ауданында көне пирамида қалдықтары табылғанын хабарлады.

Мамандар болжамынша, бұл пирамида XIII ғасырда перғауындар династиясында (біздің дәуірімізге дейінгі XVIII-XVII ғасыр) тұрғызылған. Көне ескерткіш көпке белгілі Снофру пирамидасының оңтүстігінде орналасқан. Дахшур Ежелгі жәдігерлер басқармасы басшысы Әділ Окаштың айтуынша, пирамиданың табылған бөлігі ғимараттың ішкі құрылымын көрсетеді. Ғимараттың ішіне төменге қарай, содан соң жерасты бөлігі мен жоғары жақты байланыстырады.

Археологтар қазба жұмыстары барысында 17 де 15 сантиметр өлшеміндегі иероглифтік мәтін жазылған ақ гипс тақтайшаларын, мәрмәр және тас кесектерін кезіктірген.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: