23
Сенбі,
Қараша

һижри

Әмірлік ислам қағидаларына сай қонақүй стандартын бекітті

Жаһан
Жарнама

Дубай әкімшілігі ислам діні қағидаларына сай мейманхана мекемелерін басқару бойынша стандартты бекітті.

Бұл шешім Дубай қаласында құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және техникалық талаптар бойынша жергілікті тәртіпке негізделген талаптар мен нұсқаулықтарды қамтиды. Онда ислам қағидалары мен араб халқы дәстүрлеріне сәйкес келуіне, шариғат нормаларының сақталуына, мұсылмандардың қолайлы нөмірге орналасуына, сонымен қатар БАӘ ұлттық және мәдени ерекшеліктерінің ескерілуіне, тіптен, архитектуралық, ислам өнері және каллиграфиялық тұстарының қамтылуына мән берілген.

«Аталмыш нұсқаулық әкімшілік және эксплуатациялық стандарттар, оның ішінде ас-тағам, сосын, құпиялық, киім-кешек, төлем операциялары, тағаттылық, намаз уақыты, қоғамдық денсаулық сақтау және шариғат нормаларын сақтауды қамтиды» дейді әкімшілік өкілі әл-Мулла.

Айта кетсек, аталмыш шешім әмірлік экономикасының ислам секторын дамыту, әсіресе, туризм секілді маңызды саланы көтеруге мүмкіндік бермек.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: