15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

iPhone: ислами смайл белгілер әзірленді

Жаһан
Жарнама

Мичиган штатының мұсылман-кәсіпкері Сакина Рашид iPhone ұялы телефондарына арналған Islamoji қосымшасын жасады.

Аталмыш қосымша ислам нормаларына сәйкес өз көңіл-күй белгілеріңді смайл арқылы беруге мүмкіндік туғызады.

Қосымшада 200 эмодза бар, олар жеті санатқа бөлінген: адам беті, өмір сүру үлгісі, фитнес, ғимарат, әртүрлі гифтер, ас-тағам және түрлі нысандар. Жақын уақытта Рамазан және басқа да ислам мерекелеріне арналған смайлдар қосылады.

«Осыдан бір жыл бұрын мен emoji қосымшасының кең таралғанын байқадым, содан кейін мұсылман смайл белгілерін неге жасамасқа деген сұрақ туды. Бірақ бұл ұзақ уақыт алды, дегенмен, оны жасадым. Мен енді оны мақтан тұта аламын және бұл белгілер мұсылмандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жағдайларды сипаттауға көмек тигізеді деп ойлаймын» дейді жоба авторы Сакина Рашид.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: