29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Мешіт миллион фунттық ғимаратқа көшеді

Жаһан
Жарнама

Шотландық Перт қаласы мұсылман қауымы миллион фунт стерлингтен асатын ірі мешіт құрылысына құжат тапсырды.

Перт ислам қауымы әзірге шағын пәтерде жамағат намазын өткізуге мәжбүр болып келеді, деп хабарлайды The Courier.

Ислам қоғамдастығы мүшесі Ариф Минхастың айтуынша, жаңа мешіт дәстүрлі үлгіде тұрғызылады, биік мұнаралы және үлкен құлшылық залы болады. Мұсылман ұйымы мәдени-рухани ғимарат қала өркениетіне өз үлесін қосатынына сенім білдіреді.

«Мұсылман қауымы уақыт өткен сайын өсіп келеді. Перширде 600-ден аса мұсылман бар, бізге жаңа мешіт қажет. Мешітке қол жеткізген кезден бастап адамдарды шақырып, шынайы ислам діні жайында дұрыс ақпараттар жеткізуді жоспарлаймыз» дейді Ариф.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: