22
Жұма,
Қараша

һижри

89 жастағы қария 16 млрд $ қайырымдылыққа жұмсаған (ВИДЕО)

Жаһан
Жарнама

Астана. 22 мамыр. KAZISLAM – Бүгінде 89 жасқа келген саудиялық қария Сүлеймен әл-Раджи – әлемнің ең дәулетті адамдарының бірі.

Алайда, әл-Раджидің өмірі өзгелерден ерекше және Сауд Арабиясы үшін де таңсық болып отыр. Ол еңбекқор, мақсатшыл қасиетімен, шешім шығарушылық әрі жанкештілігімен үлкен дәулетке ие болған.

«Әл-Раджа банкі» негізін құрған кезде Парсы шығанағы жаңа бизнес көзін бастауға ыңғайлы кезең емес еді.

Ал әл-Радж өзінің еңбек жолын 9 жасында эр-Рияд қаласындағы базарда арба айдаудан бастаған. 12 жасында құрма жинаумен айналысты. Осыдан кейін даяшы да болды, керосин де сатты. Уақыт өте келе өзінің алғашқы сауда лашығын ашты.

1970 жылы өмірі жоғары сатыға көтерілді – ол валюта айырбасы бойынша жеке фирмасын ашты. Ісі алға басып, өзге араб елдерінде де осы салада қарқынды жұмыс жүргізді. Кәсібі өрлеген осы кезден-ақ әл-Раджа табысының бір бөлігін қайырымдылыққа беру туралы шешім қабылдаған. Осылайша банк акциялары мен басқа да қаржы активтерін өзі құрған қайырымдылық қорына аударып келді. Аталмыш қор білім беру мен аштыққа қарсы күрес бағытында жұмыс жасады.

Қор құрылған кезден бастап жалпы сомасы 16 миллиард долларға қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асырды.

{youtube}HzT3eJ0OTa8{/youtube}

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: