23
Сенбі,
Қараша

һижри

Түркия Македониядағы ескі мешітті қалпына келтіреді

Жаһан
Жарнама

Македонияда Али Паша тарихи мешітін қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Жөндеу жұмыстары Түркияның қор басқармасының қолдауымен жүргізілуде. Мешіт Македонияның оңтүстік-батысындағы Охрид туристік қаласында орналасқан.

Тарихшылар болжамынша XVI ғасырға тән мешіт Охрид қаласы архитектурасының ең маңызы бөлшегі саналады. Тарихи мешітті қалпына келтіру жұмыстары Түркия қор басқармасы, Диянет, Охрид мәдени мұраларын және қалалық музейін қорғау басқармасының бірлесуімен қолға алынған.

Қала музейінің директоры Таня Паскали Бунташесканың айтуынша, бұл мешіт 1968 жылы мемлекет қорғауындағы нысандар тізіміне енген. «Мешітті қалпына келтіру тарихи құжаттар және ескі фотосуреттер негізінде жүргізілуде. Жұмыс келесі жылы аяқталуы тиіс» дейді Бунташеска.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: