22
Жұма,
Қараша

һижри

Мешіттер әлемнің мәдени нысан ондығына енді

Жаһан
Жарнама

TripAdvisor туристік қызметі Travellers' Choice марапаты аясында 2017 жылдың әлемдегі мәдени нысандары үздігін анықтады.

Бірінші орын Камбоджадағы Ангкор-Ват храм кешеніне бұйырған. Екінші орын – Біріккен араб әмірлігі Абу-Даби қаласындағы шейх Зайед мешітіне, үшінші орын – Испаниядағы Кордова орталық мешітіне (Мескита) берілді.

Төртінші және бесінші орындар Ватикандағы қасиетті Петр шіркеуі мен Үндістандағы Тәж-Махал кешеніне лайық деп танылды.

Рейтингтің алтыншы қатарына Санкт-Петербургтағы Спас шіркеуі жайғасты.

Сонымен қатар, әлемнің әдемі мәдени нысан ондығына Ұлы Қытай қорғаны, Перудағы Мачу-Пикчу, Испаниядағы орталық алаң және миландық Дуомо шіркеуі енген.

Рейтинг жасауда TripAdvisor желісіне соңғы жылы мәдени нысандар туралы пікірлер саны мен көрсеткіштері есепке алынған.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: