23
Сенбі,
Қараша

һижри

Мәскеудегі Перу елшісі исламды қабылдағанын жариялады

Жаһан
Жарнама

Ресей Федерациясындағы Перу елшісінің көмекшісі Хорхе Лазо дүйім жұрттың алдында ислам дінін қабылдағанын жариялады. Бұл оқиға Марат Қабай бастаған халықаралық ислам бизнесі ұйымдастырған ауызашар кезінде, яғни, «Рамазан шатырында» орын алды.

«Мен қасиетті Рамазан күндерінде жандарыңыздан табылғаныма қуаныштымын. Ендігі жерде менің есімім - Хамза, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ағасының құрметіне осы есімді таңдадым» деді ол шатырға ауызашарда отырған меймандарға толқи тіл қатып.

Ол Ресей аумағында тұрып жатқанына бірнеше жылдың жүзі болған, орыстан, яғни, православ әйелі бар. Ол осы уақытқа дейін католик сенімінде болғанын жасырмады. «Мен католик мектебін тауысқанмын. Менің сыныптастарым священник болды. Мен Жаратқанға тура жолға салғаны үшін шүкіршілік айтам» деді ол.

Бөлісу: