26
Жұма,
Сәуір

һижри

Түркия 135 елдің тұрғындарын құрбандық етімен қамтамасыз етеді

Жаһан
Жарнама

Түркия Діни қоры  (TDV) басшысының орынбасары Исмаил Хаккы Озбайдың мәлімдеуінше, TDV Құрбан айтта әлемнің 135 елінің мұқтаж жандарын етпен қамтамасыз етеді.

Оның айтуынша, осы жылы 239 414 бас мал құрбандыққа шалынып, оның еті Түркия мен шет елдердің мұқтаж жандарына, сондай-ақ, сириялық босқындарға таратылмақ.

Түркияның өзінде малды құрбандыққа шалатын 275 орын ашылмақ, ал 400 орынды әлемнің басқа 135 елінде ашуды көздеп отыр.

Оның айтуына қарағанда, 2017 жылы құрбандық шалу рәсіміне 500 ерікті қатысады. «Біздің басты мақсатымыз – мұқтаж жандарға жәрдем ету әрі олармен мейрамды бөлісу», – деп атап өтті Озбай.

ummet.kz

Бөлісу: