23
Сенбі,
Қараша

һижри

Қажылыққа қаражат емес, Алланың шақыртуы керек

Жаһан
Жарнама

Қажылық үшін қаражат емес, Алла тағаланың шақыртуы керек. Қажы – Алланың қонағы. Оған дəлел мына суреттегі Əл Һасан Абдулла атты Африканың шағын ауыл тұрғынымен болған жағдай.

Қолына ұстап тұрған мына дрон (суреттегі) түркиялық телеканал үшін түсірілім жасап ұшып жүріп, кенеттен Абдулланың үйінің алдында құлайды. Журналисттер Абдуланның үйіне аппараты алып кетуге келсе, қолындағы дронды бекем ұстап тұрған қартты көреді. Ол журналисттерге қарап: «Мына құрылғы мені Меккеге жеткізе ала ма?» деп сұрапты.

Бұл оқиғаға жүрегі елжіреп, көңілі босаған түрік журналисттерінің бірі Əл Һасанның суретін твиттерде бөлісіпті. Арада көп уақыт өтпей әлеуметтік желіде бұл сурет кең таралып кеткен болатын. Түрік үкіметі Абдулла қарттың мəселесіне көңіл бөліп, қажылық сапарын өтеуге қаржы бөлген екен. Міне, бүгінде Алланың қалауымен Əл Һасан Абдулла арманы орындалып, қажылық сапарда парызын өтеп жүр. Қажы болу – екі адамның біріне нәсіп болмайтын бақыт. «Қажылыққа тек Алла шақырған адам барады» деген сөзге осы оқиға нақты дәлел. Алла тағала ол кісінің қажылығын қабыл еткей!

ummet.kz

Бөлісу: