22
Жұма,
Қараша

һижри

Лондондағы мешіттің бірнеше ерекшелігі

Жаһан
Жарнама

Лондондағы The Burdett Estate мешітін сырттай көрген адам ешқашан діни ғимарат деп ойламайды. Өйткені Ист-Лондон орталығындағы қарапайым тұрғылықты ғимараттар арасында салынған мешіт дизайні құлшылық орнына мүлде ұқсамайды.  Мешіт биыл көктемде ашылған, деп хабарлайды Islam-Today.

Меккеге қарап тұрған шыны мұнарасы бар мешіттің ерекшелігі – қабырғаның бірінде куфикалық стильде жазылған көркем жазу бар.
«Алладан басқа құдай жоқ» деген сөйлем барлық сыртқы есіктер мен терезелерге өрнектелген. Күн сәулесі түскенде бұл жазу мешіттің ішіне шуақ шашады.

302544 INNERRESIZED600 600 6

302542 INNERRESIZED600 600 5

Ал, имамның намазда тұратын орны мен мінбер мұнараның ішкі жағында орналасқан. Мешітте  оқылған Құран үні жан-жаққа тарау үшін төбесі арнайы жобаланған. Сондай-ақ, тыныштық күйін келтіру үшін мешіт іші сәулетіне табиғи түстер таңдалған.

Бүгінде шыны мұнарасы бар мешіт қаланың танымал көркіне айналып үлгерді.

302543 INNERRESIZED600 600 7

ummet.kz

Бөлісу: