22
Жұма,
Қараша

һижри

Әлемдегі ең жас мұсылман министр Гиннес рекордтар кітабына енді

Жаһан
Жарнама

Біріккен Араб Әмірліктерінің жастар ісі жөніндегі министрлікті басқаратын Шамма әл Мазруи ең жас министр ретінде әлемге әйгілі Гиннес рекордтар кітабына енді. Шариғат шәлісін жамылған әйелдің жасы бар-жоғы 22-де. 

860x484

Ол осынша жасына қарамастан білдей бір мекеменің шаруасын дөңгелетіп отыр. Бұл арудың есімі көпшілікке Рамазан айында қарапайым халыққа тамақ таратқан қамқорлығымен танымал. Жас министр жөнінде БАӘ вице-президенті мен премьер-министрі әрі Дубай қаласының билеушісі Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл-Мактум былай айтқан: «Араб қауымдастығының тең жартысын жастар құрайды, сондықтан оған осы елді басқару үшін дауыс пен мүмкіндік бергеніміз әбден көңілге қонымды іс». Бұл қыздың жетістігі –  Гиннесс кітабының 63-ші басылымында орын алатын БАӘ жасаған 190 әлемдік рекордтарының бірі. Әл Мазруи Әбу-Дабиде туып өскен, New York University Abu Dhabi гуманитарлық ғылымның  бакалавр дәрежесін алған.

ummet.kz

Бөлісу: