22
Жұма,
Қараша

һижри

АҚШ азаматтары жексенбіні мешітте өткізбекші

Жаһан
Жарнама

АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Нейпервиллья ислам орталығы әртүрлі діни конфессия өкілдері үшін «Мешіттегі ашық есік күнін» өткізбекші.

Бұл шара алдағы жексенбі, яғни 15 қазанға жоспарланып отыр, деп хабарлайды ансар.ру.  Аталған діни ғимарат мұндай ашық есік күнін 5-інші рет ұйымдастырып отыр.

Мешіттегі экскурсия мен дәрістер күндізгі 11-ден сағат 17:00-ге дейін жалғасады. Қонақтар имамдармен сөйлесіп, жамағатпен оқылатын намазды бақылай алады. Сондай-ақ, мешіт меймандары өз есімін арабша жазып, шариғат шәлісі мен мұсылмандық жабық киім үлгісін киіп көру мүмкіндігіне ие.

Жергілікті үммет қалалықтардың демалыс күнінде діни орынға келіп, мешіттен исламофобиялық көзқарастан арылып шығады деген үмітте.  

ummet.kz

Бөлісу: