22
Жұма,
Қараша

һижри

Үндістандық хафиз Гиннес кітабына енді

Жаһан
Жарнама

Үндістанның Андхра-Прадеш штатында тұратын мұсылман жігіті Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Виджаявада қаласынан шыққан үндістандық хафиз Хашмат Али Хан  діни қызметінен бөлек, спортты жанына серік етіпті. Құранды толық жаттаған ер азамат каратэ мен тхэквондыны кәсиби деңгейде меңгерген.

Үндістандық хафиздің Гиннес рекордтар кітабына енуі спортпен байланысты. Ол тхэквондодағы 16 қадамды 30 минут ішінде 65 рет қайталап, үздік нәтиже танытқан.

Отыз жастағы Хашмат имам, дінтану пәнінің ұстазы және каратэ мен тхэквондо спортынан балалар жаттықтырушысы болып жұмыс істейді. Хашмат бұған дейін де 180 секунд ішінде 300 мінсіз техникалық соққы жасап тағы бір рекордтты жаңартқан көрінеді.

ummet.kz

Бөлісу: