25
Дүйсенбі,
Қараша

һижри

Қазақстан мен Ресей діни саладағы әріптестікті жалғастырмақ

Жаһан
Жарнама

Ресей Федерациясына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев РФ Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесті.

Кездесу барысында Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметі туралы әңгімеледі. 

«Мемлекеттің дін саласындағы стратегиялық мақсаты – мемлекет пен діннің өзара әрекеттесуінің қазақстандық моделін барынша жетілдіру болып табылады, ол зайырлы құндылықтардың басымдықтарына және деструктивтік діни үрдістерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға негізделеді» деді Нұрлан Ермекбаев.

Встреча с Председателем ДУМРФ Р. Гайнутдином 1

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей арасында дін саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар халықаралық шарттар күшіне енген. Атап айтқанда, Нұр-Мүбарак университеті мен Мәскеу Ислам университеті арасында меморандум, РФМДБ (Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасы) жанындағы Ресей Ислам институты мен Мәскеу Ислам университеті және ҚМДБ (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы) арасында әріптестік орнатылып, меморандум бекітілген.  

Министр Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, қол қойылған келісімдер азаматтардың рухани тұрғыда дамуына негізделген.   «Діни саланы реттеу және деструктивтік діни идеялардан халықты қорғау, діни экстремистік ұйымдардың ықпалына ұшыраған адамдарға қол ұшын созу және рухани білім беру салаларында тәжірибе алмасуды дамыту шеңберінде жасалатын жұмыстар біздің қоғамда бейбітшілік пен келісімнің одан әрі нығаюына  ықпал етеді» деп өз пікірін білдірді Нұрлан Ермекбаев.

Қазақстан тарапы халықты діни тұрғыда сауаттандыру және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізуді, сондай-ақ имамдарды дайындау және қайта даярлау бойынша тәжірибе алмасуды ұсынды.

http://kazislam.kz

 

Бөлісу: