22
Жұма,
Қараша

һижри

Радикалды ұйымдардың 80%-ын жастар құрайды

Жаһан
Жарнама

Мәскеуде жастар саясатымен айналысатын ведомство басшыларының Халықаралық министрлік кездесуі өтті. Әлемнің 70-тен аса ел өкілдерін жинаған басқосуға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев қатысты.

Кездесу қазіргі заманда жастар алдындағы қауіп-қатерлерге қарсы тұру бойынша ведомстволардың бірлескен іс-әрекетін үйлестіруді көздейді.

Салтанатты жиында БҰҰ Бас хатшысының жастар ісі жөніндегі өкілі Джаятма Викраманаяке, Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Виталий Мутко, РФ Білім және ғылым министрі Ольга Васильева, Ресейдің жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігінің жетекшісі Александр Бугаев, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий сөз сөйледі.

Н.Ермекбаев «Халықаралық қауіпсіздік» тақырыбындағы панелдік дискуссияда Қазақстандағы министрлік тарапынан мемлекеттің зайырлылық қағидаларын нығайту және радикализмнің алдын-алудағы заңнаманы жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Әсіресе жастар арасындағы алдын-алу жұмыстарын жүргізуге баса назар аударды.

M002

«Жастарға бұқаралық мәдениет және Интернет күшті ықпал етеді. Бүгінгі күні түрлі радикалды ұйымдардың 80%-ын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Осыған орай, елімізде және жалпы халықаралық жастар ынтымақтастық жүйесінде жастарды бағыттауға және ынталандыруға арналған құндылықтарды қалыптастырудың тиімді жүйесі болғаны маңызды» деп атады өз сөзінде Нұрлан Ермекбаев.

Министр отбасылық тәрбие жүйесін нығайту бойынша әлеуметтік жобаларды дамыту мүмкіндігіне назар аудартты. «Біздің халықаралық деңгейдегі жобаларды іске асыру үшін қажетті инфрақұрылымымыз бар және барлықтарыңызды жастар саясаты саласындағы ҮЕҰ ресурстарын тартумен ынтымақтастыққа шақырамыз. Бүгін біздің елдеріміз ШЫҰ жастар кеңесі, Түркі кеңесі және ТМД елдері кеңесінің аясында өзара қарым-қатынас жасайды. Осы алаңдарға әр қатысушы мемлекет шығындарын өздері өтейді. Сонымен бірге, біздің оператордың негізінде қаржыландыру жүйесін және аталған алаңдар іс-шараларын үйлестіруді орталықтандыруға болады» деп өз пікірін білдірді министр Н.Ермекбаев.

M003

Бұдан өзге, Нұрлан Ермекбаев іс-шараға әлі қатыспайтын елдер министрлерінің арасында барлық аталған алаңдардың жұмыс жоспарларын таратуды ұсынды. Осылайша, алынған ұсыныстар халықаралық қауіпсіздік мәселелерін тиімді шешуге көмектесетініне сенім білдірді. Сонымен қатар,  министр түрлі өзекті сұрақтар бойынша тұрақты онлайн-кеңестер ұйымдастыру арқылы бірлескен жұмыстың форматын жетілдіруді ұсынды. Еске сала кетейік, Халықаралық Министрлік кездесу 15 қазан күні Сочи қаласында басталатын XIX Бүкіләлемдік жастар мен студенттердің фестивалі қарсаңында өтіп отыр. 

ummet.kz

Бөлісу: