23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Пайғамбарға (с.ғ.с) тіл тигізгені үшін түрмеге қамалды

Жаһан
Жарнама

Өткен аптада Дубай қаласының Бірінші инстациядағы соты 34 жастағы Үндістан елінің азаматын түрмеге отырғызу туралы үкім шығарды. Фейсбук желісіндегі парақшасында ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) жасалған карикатуралық суретті бөліскені үшін енді ол үш ай мерзімінде абақтыда отыратын болады.

Полиция қызметкерлері аталмыш заң бұзушылықты айыпталушының әріптестері хабарлағанын айтады. Ал, Үндістан азаматы болса, өзіне тағылған айыпты мойындаудан бас тартқан. Ол суреттегі жанның Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар екенін білмегенін айтады.

Дегенмен, сот оған үш ай бас бостандығынан айырумен қатар, 5 000 дирхам көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген. Сондай-ақ, үш ай жазасын өтеп болысымен оны еліне қайтаратын болмақ.

 

Бөлісу: