26
Жұма,
Сәуір

һижри

Қажылығын өтегісі келетіндер үшін жаңа ереже бекітілді

Жаһан
Жарнама

Өзбекстан билігі қажылыққа бару кезегіне қатысты ережені бекітті. Аталмыш ел үкіметінің тиісті қаулысы республиканың ұлттық заңнама базасының сайтында жарияланды. Бұл жайында Sputnik-tj.com ақпарат көзі хабар таратты.

Қабылданған ережеге сәйкес қасиетті сапарға ең алдымен бұрын қажылығын өтемеген адам барады. Яғни, бұрын қажылыққа бармағандар кезектің алдында болады. Тарқатып айтқанда, қайта қажылыққа барғысы келетіндер ұмраға барғанына екі жыл өткен соң ғана өтініш бере алады, ал қажылыққа бес жылдан кейін. Айта кетейік, өткен жылы Саудия билігі 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы аталмыш елдің қажыларына бөлетін квотаны 20 пайызға қлғайтқан болатын. 2016 жылы – 13,2 мың адамға квота бөлінген екен. Ұлкен қажылыққа квота 1,4 есе өскен -7,2 мың адамға дейін. Ал ұмраға 6 мың деңгейінде сақталып қалған. Десе де Өзбекстан билігі Саудияға ұмраға квотаны 6 мыңнан 10мыңға дейін арттыру жөнінде өтініш білдіріп отыр.

ummet.kz

Бөлісу: