22
Жұма,
Қараша

һижри

Қазақстандық делегация Абу-Дабидегі «Болашақтың энергиясы» саммитіне қатысты

Қазақстандық делегация Абу-Дабидегі «Болашақтың энергиясы» саммитіне қатысты

Жаһан
Жарнама

Абу-Даби қаласында қаңтардың 15 мен 18 аралығында XI Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммиті өтуде. Ауқымды шараға 26 мыңнан астам адам қатысып, 20 елдің павильоны мен 650 компанияның экспоненті ұсынылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Саммит жұмысына ҚР энергетика Министрі Қанат Бозымбаев пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ербол Шорманов қатысты. Көрмеде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ұйымдастырған жалпы аумағы 195 шаршы метрді құрайтын Қазақстан павильоны ұсынылған.

«Павильонда елімізде іске асырылып жатқан, соның ішінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, сондай-ақ жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы жобалар мен көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы бірқатар ауқымды жоба қойылған», – деп атап өтті Ербол Шорманов.

d90ea363cb6bf0369c81933bdc96370c

 

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ саммитке жыл сайын қатысып келеді. Қазақстан үшін бұл баламалы энергетика саласындағы сұрақтарды талқылайтын алаң, сондай-ақ елімізге инвестициялар тартуда да маңызды.

f29f0c7ee4305199c5716f80a51d1ef7

Шарада энергетика саласындағы соңғы әлемдік трендтер мен инновациялық жобалармен танысу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, саммит аясында жыл сайын жаңғыртылатын энергия көздері жөніндегі Халықаралық агенттіктің Ассамблеясы (IRENA) және тұрақты даму аптасы (Abu Dhabi Sustainability Week) отырысы өткізілуде.

https://baq.kz/kk

Бөлісу: