22
Жұма,
Қараша

һижри

Ангела Меркель мұсылмандарға қолдау көрсетті

Ангела Меркель мұсылмандарға қолдау көрсетті

Жаһан
Жарнама

Германия канцлері Ангела Меркель республиканың Ішкі істер министрі Хорст Зеехховердің мұсылмандар мен ислам дініне байланысты мәлімдемесін ескерусіз қалдырмай, пікір білдірді.

Еске салсақ, таяуда Германия ІІМ басшысы ислам діні неміс мәдениетінің бөлігі саналмайтынын, тек ислам дінін ұстанушы азаматтар Германияның бір бөлігі екенін мәлімдеген еді. Ведомство басшысының бұл сөзі канцлер Ангела Меркельді де бей-жай қалдырмады. «Мұсылмандар Германияның бір бөлшегі, демек олардың діні де неміс қоғамының бөлшегі саналады» деді канцлер. Меркель Германияда 4 миллионға жуық мұсылман бар екенін айтып, діндердің бейбіт тіршілік етуіне мүмкіндік беруге шақырды.

kazislam.kz

Бөлісу: