15 сәуір күні Сауд Арабиясында Араб мемлекеттері лигасының саммиті өтеді. Саммит бұған дейін жоспарланғандай корольдік астанасы Риядта емес, Дахран қаласында өтеді.
«Араб мемлекеттері лигасының 29-саммиті 15 сәуір күні Шаркия провинциясы Дахран қаласында өтеді» делінген Сауд Арабиясы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінде. Саммиттің астанадан шағын қалаға ауыстырылу себебі хабарланбады. Сондай-ақ, наурыз айының соңына жоспарланған Араб мемлекеттері лигасының саммиті Египеттегі президент сайлауына байланысты өзгертілді.