26 Сәуір. Астана. Ummet.kz - Түрікменстанда әйелдерге жабысып тұратын көйлек киюге тыйым салынды, деп хабарлайды habartm.org басылымы.
Бұдан былай әйел адамның денесіне жабысып тұратын көйлек киюге болмайды. Киген көйлектің ұзындығы еденге дейін түсіп, тек шұлық пен аяқ киім ғана көріну керек. Жеңінің ұзындығы да саусаққа дейін жету керек.
Сондай-ақ, қала көшелерінде кешкілік сағат 22:00-ден кейін кейін бірге жүрген ерлер мен әйелдерді полиция қызметкерлері тоқтатыын болады. Егер ондай жағдайда қала тұрғындары неке туралы куәлiктерін көрсетіп, кеш серуендеу құқығы бар екенін дәлелдеуге тура келеді.
Айта кетейік, мұндай талап заңды күшіне енген жоқ. Дегенмен халық арасында ауызша тыйым салынып, тұрғындар оны бұлжытпай орындауда.