29
Жұма,
Наурыз

һижри

Пайғамбар ﷺ мешітіндегі итикафқа дайындық (ФОТО)

Пайғамбар ﷺ мешітіндегі итикафқа дайындық (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

10 мамыр. АСТАНА. Ummet.kz – Қасиетті Мәдина қаласында Пайғамбар ﷺ мешітінде Рамазан айында 10 мың адамға арналған итикаф жасау орны әзірлену үстінде деп хабарлайды kazislam.kz сайты.

Рамазан айында Пайғамбар ﷺ мешітінде итикаф жасауға ниетті адамдарды тіркеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылады. Еске салсақ, Рамазан уақытында итикафқа мешіт шатырынан арнайы орын бөлу туралы шешімді өткен айда Мәдина қаласының әмірі – ханзада Фейсал бин Салман бин Абдулазиз қабылдаған. Бұл шешім Мәдина мешітінің барлық аумағында итикаф етушілер орналасып, қолайсыздық тудыруына байланысты қабылданған. Осыдан соң арнайы итикафқа қалушыларға Пайғамбар ﷺ мешіті шатырынан орын жасақтау жұмысы қолға алынды.

Medine2

Medine3

Medine4

Бөлісу: