20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Сауда орталығында «Ораза» көрмесі ашылды

Сауда орталығында «Ораза» көрмесі ашылды

Жаһан
Жарнама

30 мамыр. АСТАНА. Ummet.kz – Дубайдағы сауда орталығында «Ораза» атты көрме ашылды, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Дубайдағы The Dubai Mall орталығында Рамазанға арнап интерактивті қондырғымен жабдықталған көрме қойылды. Оның көмегімен өткен Рамазанға сапар шегуге болады.  

Көрмеде тоғыз аймақ бейнеленген және Ислам мәдениетінің, діни және мұрасының керемет элементтері бар.

Көрме аясында қонақтар достарына және туыстарына Рамазанға тілектер жазып, оларды әлеуметтік желілерде бөлісе алады. Сондай-ақ, Шейх Зайедтің жетістіктері туралы деректі фильмді тамашалауға мүмкіндік беретін панорамалық экран бар. Ағылшын және араб тілдерінде Рамазан және жалпы Ислам бойынша кітаптар  қойылған.

Келесі секциядағы көркем көрмеде аймақтағы танымал суретшілердің шығармаларын ұсынылған. Төртінші аймақта қонақтар Рамазанмен құттықтау концертін көре алады. Ал, келесі аймақта ересектер мен балаларға рамазан айының қағидаттарын түсіндіретін тамаша астрономия әлеміне саяхат жүргізеді.

Келесі бөлім қайырымдылыққа арналады. Ондағы барлық қаражат дамушы елдердегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар үшін сапалы білім беру үшін пайдаланылатын болады.

Соңғы аймақта диетологтар, фитнес-инструкторлар Рамазан айында салауатты өмір салтын қалай сақтауға арналған семинарлар өткізеді.

Бөлісу: