27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Бір жолда 12 мың адамға ауызашар берілді

Бір жолда 12 мың адамға ауызашар берілді

Жаһан
Жарнама

4 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – Бір жолда 12 мың ораза ұстаушыға ауызашар берілді, деп хабарлайды islam.ru сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Түркиядағы Трабзон қаласының Ортахисар ауданында 12 мың мұсылманға ауызашар берілді. Игі шараға Түркияның ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлу және басқа да мемлекет қызметкерлері  қатысты, деп хабарлайды islam.ru сайты.

Осынша үлкен дастарханды жаюға 7 сағат уақыт кетті. Ал, Трабзон әкімшілігінің тапсырысымен жасалған ауызашарға  2 тонна ет, 2 тонна картофель, 500 келі жасымық (чечевица), 160 келі зәйтүн майы, 700 келі пияз, 130 келі сары май, 30 келі тұз жұмсалды.

Бөлісу: