25
Дүйсенбі,
Қараша

һижри

15 маусым – ораза айттың бірінші күні

15 маусым – ораза айттың бірінші күні

Жаһан
Жарнама

13 маусым. АСТАНА. Ummet.kz -  Орта Азия ғұламалары бас қосып, ораза айт күнін белгіледі, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жуырда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің ғұламалары Ташкентте бас қосты. Күн тәртібінде биылғы жылдың ораза айт күнін белгілеу мәселесі талқыланды.

Алқалы жиынға қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы Кеңес мүшелеріне Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың ұлық мейрам – ораза айтпен құттықтауы мен сәлемін жеткізді.

Басқосуда бауырлас елдердің ғұламалары Құран аяты, пайғамбар хадисі мен астрономиялық есептеу жүйесін негізге ала отырып, бірауыздан дауыс беріп, шешім қабылдады. Шешімге сәйкес, 15 маусым – ораза айттың бірінші күні болып бекітілді.

Бауырлас елдердің дін қызметкерлері болашақта осы мәселелер бойынша арнайы жұмыс тобын құрып, діни ауызбіршілік пен ынтымақты нығайту бағытында бірлесіп қызмет етуге уағдаласты.

Бөлісу: