24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Сегіз жасар бала мектепті бір жарым жылда аяқтады

Сегіз жасар бала мектепті бір жарым жылда аяқтады

Жаһан
Жарнама

4 шілде. АСТАНА. Ummet.kz - Бельгия тұрғыны Лоран Симонс сегіз жасында жоғары сыныпты бітіріп, университетке түсуге даярлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

Лоран мектептің алты жылдық курсын бір жарым жылда бітіріп, 18 жастағы түлектермен бірге аттестат алды. Баланың ата-анасы оның IQ көрсеткіші 145-ке тең екендігіне сендіруде.

Лоран RTBF-ке берген сұхбатында оның сүйікті пәні математика екендігін айтты. Себебі, математикада алгебра да, статистика да, геометрия да бар.

Лоранның ата-анасының айтуынша, ол бос уақытында математикалық есептерді шығарғанды және медициналық кітаптарды оқығанды жақсы көреді. Бұрын ол хирург немесе ғарышкер болғысы келген, ал қазір информатикаға бет бұруда.

Жас вундеркинд жазғы демалыстардан кейін университетке түспекші. Әзірге ол ешқандай оқу орнын таңдамаған, алайда әлемнің барлық университеттерінен ұсыныс алуда.

Бөлісу: