22
Жұма,
Қараша

һижри

Көшу үшін ең арзан қала – Каир, ең қымбат қала – Дубай

Көшу үшін ең арзан қала – Каир, ең қымбат қала – Дубай

Жаһан
Жарнама

6 шілде. АСТАНА. Ummet.kz – Көшіп, орналасу шығындары жағынан ең арзан қалалар тізімін Мысыр астанасы Каир бастады. Nestpic атты неміс жылжымайтын мүлік агрегаторы виза, пәтер жалдау, байланыс, тамақ, жолпұл, интернет шығындары сияқты алғашқы айда жұмсалатын қаражат көлемін есептегенде – 560 евро шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі islam.ru сайтына сілтеме жасап.  

Екінші орында 634 евро шығынмен Үндістанның Бангалор қаласы көрсетілсе, 644 евро шығынмен Румыния астанасы Бухарест көшу үшін ең арзан қалалар тізімінде үшінші орында тұр.

Төртінші қатарға  795 евро шығынмен Латвия қаласы Рига орналасса, бесінші болып Мексика астанасы – Мехико көрсетілген, ол жерге көшіп бару үшін алғашқы айда небары 805 евро жетеді екен.

«Ридус» басылымы хабарлағандай көшіп бару үшін ең қымбат қалалардың тізімі де жасалған. 3633 евроңыз болса, БАӘ-нің ең ірі қаласы Дубайға көшіп бара аласыз. Сәл арзанырақ қалаға барғыңыз келсе Жаңа Зеландиядағы Окленд қаласына 3420 евромен көшуге болады. Ең қымбат қалалардың тізімінде үшінші қатарда америкалық Сан-Франциско қаласы көрсетіліпті. Ол жақта алғашқы айдың шығыны 3216 евроны құрайды екен. Ал, Нью Йорк пен Ұлыбритания астанасы Лондон 4 және 5 орындарға жайғасып тұр, ол жаққа көшіп барғыңыз келсе бастапқы айда қалтаңызда 2879 және 2739 евро  болса жеткілікті. Ал, Мәскеу қаласы көшіп бару үшін ең қымбат қалалар тізімінде 68-орында тұр. Мәскеуге көшіп барғыңыз келсе, алғашқы айда 899 евроға шығындаласыз.

Бөлісу: