22
Жұма,
Қараша

һижри

Мұсылман қызы беделді оқу орны тарихына енді

Мұсылман қызы беделді оқу орны тарихына енді

Жаһан
Жарнама

19 шілде. АСТАНА. Ummet.kz – Канадада 17 жасар Сакина Ризви Торонто университетінің ең жас түлегі ретінде тарихына енді, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Мұсылман қызы 14 жасында мектептегі оқуын аяқтап, 3 жылда бакалавр бағдарламасын бітіріп шығады. Жас қыз жоғары оқу орнына информатика мамандығына түседі, соңынан әлемдік діндер тарихына ауысады.

Өз қатарластары 17 жасында мектепті бітіріп жатқанда ол бакалавр бағдарламасын үш жылда оқып,дінтану саласында маман дипломын алды. «Менің қызым бала кезінен білімге құмар, ақылды болып өсті. Біз онымен мақтанамыз» дейді анасы Сайма Әділ.

Бөлісу: