20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Сауд қыздары ұшуды үйренеді

Сауд қыздары ұшуды үйренеді

Жаһан
Жарнама

19 шілде. АСТАНА. Ummet.kz – Сауд Арабиясының Ұшқыштар академиясы алғаш рет қыз балаларды студенттік қатарға қабылдай бастады. Қазірдің өзінде жүздеген нәзік жанды саудиялық құжаттарын тапсырып, 2018 жылдың қыркүйек айынан оқуға әзір, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Корольдіктің шығысындағы Эд-Дам қаласында орналасқан Ұшқыштар академиясының жаңа филиалы тек ұшқыштар ғана емес, сонымен қатар, ұшақ жөндейтін, авиадиспетчер мамандарын даярлаумен айналысады. Мұнда саудиялық студенттер 3 жыл ішінде тиісті білімді алып шығады.

Филиалдың атқарушы директоры Осман әл-Матиридің айтуынша, оқуға түскен қыздар үш жыл бойы академиялық және тәжірибелік білім алатын болады.

Еске салсақ, Сауд Арабиясында өткен жылдан бері әйел адамдардың құқықтары айтарлықтай кеңейді: олар енді нотариус, сот, полицей, тіптен әскери қызметкер де бола алады.

Бөлісу: