22
Жұма,
Қараша

һижри

Қырым мүфтиятының әйелдер жобасы Ресейде үздік болып танылды

Қырым мүфтиятының әйелдер жобасы Ресейде үздік болып танылды

Жаһан
Жарнама

25 шілде. АСТАНА. Ummet.kz – Мәскеу қаласында өткен «Мұсылман әйелдің қоғамдағы әлеуметтік рөлі» атты VI Бүкілресейлік мұсылман әйел ұйымдарының съезінде Қырым Республикасы Мұсылмандарының діни басқармасы ұсынған «Пайдалы ілім» жобасы үздік болып танылды, деп хабарлайды islam.ru сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Форумға Ресейдің 34 аймағынан өкілдер қатысты. Қырым Республикасының атынан теолог-психолог Зейнеб Баирова, Ислам негіздерінің тәлімгері және дефектолог Лиля Сейитмеметова және қырымдық мұсылман блогер Нияра Нагаева келді. Съезд барысында Қырым МДБ-ның Әйелдер қанатының өкілдеріне «РФ-дағы үздік мұсылман әйелдер ұйымы-2018» Кубогы тапсырылды.

Бүкілресейлік мұсылман әйел ұйымдары съезінің бағдарлама аясында «Мұсылман әйелдің қоғамдағы әлеуметтік рөлі»  атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Сонымен бірге, «Мұсылман әйелдің қоғамдық белсенділігі және мемлекет дамуына қосар үлесі», «Мұсылман әйел және саясат» атты дөңгелек стол отырыстары ұйымдастырылды. Шараға белгілі саясат және қоғам қайраткерлері қатысты.

Бөлісу: