29
Жұма,
Наурыз

һижри

Қажылардан саусақ іздері алынады

Қажылардан саусақ іздері алынады

Жаһан
Жарнама

26 шілде. АСТАНА. Ummet.kz - Биыл қажылық жасауға ниетті тәжік мұсылмандары өз елдерінде дактилоскопиядан өтуі міндеттелді, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бұл туралы республиканың Дін істері, халық салт-дәстүрлерін реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ansar.ru.
Еске салсақ, осы кезге дейін дактилоскопия процедураларын тәжік қажылары Сауд Арабиясы әуежайында тапсырған болатын. Биыл Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен қажылардың саусақ іздерін алу жұмыстары өз елдерінде жасалатын болды.

Айта кетсек, Тәжікстаннан Меккеге қажылық сапарына алғашқы топ 180 адам 6 тамыз күні аттанады. Республиканың Дін істері комитеті қажылыққа құжат қабылдау мерзімі аяқталғанын, құжаттар тиісті ведомствоға жолданғанын мәлімдеді.

Бөлісу: