12 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz - азақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Египет Араб Республикасына жасаған ресми сапары барысында Каир шаһарында орналасқан əлемге əйгілі əл-Азһар университетінің шейхы Ахмет Тайыппен кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Кездесуде əлемдегі мұсылман үмбетінің бірлігі, Астанада əр үш жыл сайын өтетін Əлемдік жəне дəстүрлі дін лидерлері съезінің діни татулықты нығайтудағы рөлі, екіжақты келісім аясында діни маман даярлау, Нұр Мүбəрак университетінің жұмысын жетілдіру, т.б. мəселелер талқыланды. Сонымен қатар Қазақстан мен Египет Араб Республикасы арасындағы бауырластық, достық пен тарихи байланыстар сөз болды.
Басқосу барысында дін қайраткерлері терең білімді теологтарды даярлау бағытында əріптестік байланысты жандандыруға уағдаласты.
Өз кезегінде Бас мүфти ҚМДБ қызметкерлерінің əл-Азһар университетінде ілімін толықтырып, тəжірибеден өтіп жатқанын, бұған қолдау білдіріп отырған оқу орнының басшылығына алғыс білдірді.