19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Бас мүфти марапатталды (ФОТО)

Бас мүфти марапатталды (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

15 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz - Бішкекте өткен "Рухани Жібек жолы" атты халықаралық діни-ғылыми конференцияда Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Мақсатбек қажы Тоқтамысов Бас мүфти Серікбай қажы Оразды І дәрежелі "Ынтымақ" медалімен марапаттады, деп  хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

"Ислам жолындағы көпжылдық ерен еңбегі, Орталық Азияда дәстүрлі Ислам принциптерін насихаттауға қосқан сүбелі үлесі мен ортақ рухани мәдениетіміз бен салтымыздың бай мұраларын, адамгершілік құндылықтарын қайта жаңғыртуға белсене араласқаны үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ораз Серікбай қажы Сатыбалдыұлы І дәрежелі "Ынтымақ" медалімен марапатталады", - делінген куәлікте.

Бөлісу: