22
Жұма,
Қараша

һижри

Суды ысырап еткен тұрғындар айыппұл төлейді

Суды ысырап еткен тұрғындар айыппұл төлейді

Жаһан
Жарнама

19 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz – Таяу уақытта Мысыр тұрғындары суды мөлшерден тыс қолданғаны үшін жазалануы мүмкін. Қазіргі уақытта осыған сәйкес құжат республика парламентінің талқылауына жіберілді, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Түзетулер Су ресурстары және ирригация туралы заңына енгізіледі. Құжат мәтінінде баяндалғандай, бұл шара суды қолдануды оңтайландырып, елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Әсіресе, заң жобасы Ніл өзенін заңсыз жағалау құрылыстарына пайдаланудан қорғайды.

Сонымен қатар, құжатта жаңбыр суын, жер асты және теңіз суларын сақтау бойынша қажетті шараларды нақтылаған. Ал ел тұрғындарына суды барынша үнемді пайдалану міндеттеледі. Суды ысырап ету мен су ресурстарына нұқсан келтіруге әртүрлі жазалар қолданылмақ, оның ішінде бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылады. 

Бөлісу: