27 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz – Сауд Арабиясында Таяу Шығыстың ең ірі транспорттық жобаларының бірі деп саналатын Харамейн жүрдек пойыз желісі іске қосылды, деп хабарлайды trt.net.tr сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Теміржолдың ашылу рәсімін «Аль-Ихбария» телеарнасы тікелей эфирден көрсетті. Телеарна атап өткендей, теміржол бір жылдың ішінде жылдамдығы сағатына 300 шақырымға жететін пойызбен 60 миллион жолаушыны тасымалдауға қауқарлы. Оның қашықтығы 450 километр. Жүрдек пойыз бес жерге тоқтайды: Мекке, Джидда, Джиддадағы король Абдель Азиз халықаралық әуежайына, Рабиха мен Мединаға аялдайды. Бағыт бойынша 417 орындық 35 пойыз қатынайды. Сауд Арабиясы Қатынас министрі Небиль бин Мұхаммед әл Амуди қасиетті мекенге келетін қажылар мен азаматтарға қызмет ететін жаңа желіні ашқандарына қуанышты екенін білдірді.
Желінің алғашқы және соңғы аялдамалары Мекке мен Мәдина қалалары болады. Шатыр пішінінде салынған стансалар Меккеде сары, Мәдинада жасыл, Джиддада сұр түсте жобаланды.