22
Жұма,
Қараша

һижри

Тағамның халал екенін анықтауға көмектесетін мобильді қосымша

Тағамның халал екенін анықтауға көмектесетін мобильді қосымша

Жаһан
Жарнама

27 қазан. АСТАНА. Ummet.kz – Marketing Interactive агенттігінің хабарлауынша, Have Halal, Will Travel және PleoData бағдарламалық компаниясы мұсылман туристеріне шет елдерде халал азық-түлік өнімдерін іздестіруді жеңілдететін «София» атты чат-ботты іске қосты, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«София» Microsoft Azure платформасында жұмыс істейді. Тілдерді түсіну Intelligent Service (LUIS) қызметі арқылы жүзеге асады. Чат-бот тәулік бойы және аптасына 7 күн, уақыт белдеуіне қарамастан әлемнің кез-келген жеріне саяхатшыға көмектеседі.

«Халал тамақтан» деп аталатын мобильді қосымшаны Сингапурдан келген белсенділер тобы әзірлеген. Жоба туристерге исламға жатпайтын елдерде азық-түлік өнімдерін іздестіруге немесе саяхатшыға дұға етуге ыңғайлы орын табуға көмектеседі. Ақпарат әлемнің әртүрлі елдеріндегі 30 автормен қамтамасыз етілген.sof1

Бұл платформаны ай сайын Сингапур, Малайзия және Индонезиядан 9 миллионнан астам мұсылмандар пайдаланады. Ең танымал сұраулар — Гонконг, Жапония, Лондон, Мельбурн және Оңтүстік Корея елдерінде.

«Мұсылман ретінде мен мұсылмандардың кебабтармен немесе шайырмен шектелмеуі керек деп ойлаймын. Әртүрлі мәдениеттермен танысып, олардың тағамдарынан дәм татып көрген абзал. Мұсылмандар бұл мүмкіндіктен айырылып қалмауы керек. Ал, «София» ол тағамдардың қайсы халал екенін анықтауға көмектеседі », — дейді Михаэль Го, платформаның негізін қалаушы.

Оның айтуынша, екі жыл ішінде жаңа технологияларды енгізу арқылы мұсылман туристердің қажеттіліктері мен тілектерін болжауы жаңа деңгейге көтеріледі.

sof2

Бөлісу: