29 қазан. АСТАНА. Ummet.kz – Ағайынды кәсіпкерлер күн сайын 3 мыңнан аса адамды тамақтандырады, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Мұхаммед пен Имран Карим есімді дубайлық кәсіпкерлер әр күн сайын әртүрлі құрылыс алаңдарына барып жұмысшыларға ыстық тамақтар, сусындар ұсынады, деп жазады Khaleej Times.
Ағайындылар Umm Suqeim мешіті ауласында да мұқтаж жандарды тамақтандырады. «Біз мешіт маңында 12 түрлі ұлт пен сенім иелері қызмет көрсетеміз. Оларды ұлты, діні мен тегіне бөлмейміз» дейді Имран.
Олар бір айдың ішінде 100 мың түрлі ас таратады. Бұл игі бастама өткен жылы басталған. Алғашында жұмысшыларды тамақтандырған Имранның ісі отбасылық дәстүрге айналған. Имранның айтуынша, қайырымдылықпен айналысу ағайынды бауырларға рухани тыныштық сыйлайды.
Каримовтардың барлық отбасы мүшелері ас дайындаумен айналысады, ал алты адамнан тұратын команда ас таратады. Ал айына бір рет Каримовтар жұмысшыларды дәрі-дәрмектермен, тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз етеді.