21
Жексенбі, Шілде

һижри

Рамазан айында Джалаладдин Руми мұражайына келушілердің қатары көбейді

Рамазан айында Джалаладдин Руми мұражайына келушілердің қатары көбейді

Жаһан
Жарнама

13 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Мұсылман қауым үшін қасиетті саналатын Рамазан айының басталуымен шартарапта ізбасарлары бар, әлемге танымал сопы әрі көрнекті ақын Мәуләна Джалаладдин Румидің Кония қаласындағы мұражайына туристердің қызығушылығы арта түсті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Кел, кім болсаң да кел»  деп көңіл құшағын барша адамзатқа аша білген танымал рухани ұстаздың мұражайы төрткүл дүниеден келетін туристерді тарихи, мәдени және діни тұрғыдан құндылығымен қызықтырады.

Өткен жылы Мәуләна музейі 2 817 386 туристті қабылдап, келушілердің саны жағынан түрік еліндегі Топкапы сарайы мен Аясофия мұражайынан соң үшінші орынға ие болды.

Ал, үстіміздегі жылдың алғашқы 4 айында келген кісілер қатары 745 мыңды құрады, дегенмен Рамазан айының басында арнайы келген туристер саны ерекше көбейді. Ең көп қызығушылар Қытай, Тайланд, Индонезия, Малазия және Оңтүстік Корея елдерінен екен.

Рамазан айының соңына қарай келушілер қарасы тіпті арта түседі деп күтілуде.

Бөлісу: