21 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – АҚШ Конгресінің тарихында алғаш рет американдық конгрессмендерге арнайы ауызашар берілді. Арнайы жайылған дастарханға АҚШ Конгресінің өкілдер Палатасының мүшелері мен қызметкерлері жиналды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Ауызашарды АҚШ Конгресінің өкілдер Палатасының мүшелері Ильхан Омар (Миннесота штатынан), Андре Карсон (Индиана штатынан), Рашида Талиб (Мичиган штатынан) американдық мұсылман заңгерлер Ассоцияциясымен бірлесе ұйымдастырып отыр.
Өз сөзінде беріліп жатқан ауызашардың тарихи маңызын атап өткен Рашида Тлаиб: «Бүгін біз өзіміздің әділдік пен ауызбірлікті бағдар етіп ұстанғанымызды көрсетіп отырмыз», - деді.
Еске сала кетейік, 2018 жылы қараша айындағы сайлауда АҚШ Конгресінің өкілдер Палатасына алғаш рет 2 мұсылман әйел өткен болатын.